Айдаһар белгісімен: Hongqi Qazaqstan Қытайдың Жаңа жылының мерекелеуге арналған іс-шараны өткізді

4257
Adyrna.kz Telegram

 Allur құрамына кіретін Hongqi автокөлік бренді Қытайдың Жаңа жылын мерекелеуге арналған іс-шараны ұйымдастырды.

ҚХР Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо мырза, сондай-ақ аспан асты елімен тығыз жұмыс жасайтын дипломаттар мен компаниялар кештің құрметті қонағы болды.

Allur компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев атап өткендей, елшінің келуі Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық және коммерциялық байланыстардың нығаюының көрінісі болып табылады.

Hongqi көптеген ондаған жылдар бойы Қытайдың автомобиль өнеркәсібінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Журналист, кәсіпкер және танымал блогер Бейбіт Әлібековтың Hongqi брендінің ресми елшісі болғандығы туралы хабарландыру іс-шараның маңызды сәті болды. Бейбіт қонақтарға E-HS9 электр жол талғамайтын көлігі мен Н9 премиум бизнес-седанының артықшылықтары мен бірегей ерекшеліктерін ұсынды.

Іс-шара елорданың мәдени өміріндегі жарқын оқиғаның біріне айналды. Жарқын әсер қалдыра отырып, ол Hongqi брендінің Қазақстанның автомобиль индустриясы нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі ретіндегі мәртебесін растады.

 

Қытайдың Жаңа жылы 15 күн бойы атап өтілетінін және белгіленген күні жоқ екендігін естеріңізге сала кетейік. 2024 жылы ол 10-24 ақпан аралығында атап өтіледі. Бұл мейрамның басқа да бірнеше атауы бар – Көктем Мейрамы, Ай Жаңа жылы, Қызыл Шамдар Мейрамы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер