Қырғызстандағы көкпардың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Президенті көкпарды да, төбелесті де тамашалды

2712
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстандағы тартылған көкпардан кейін жаппай тәртіпсіздік болғаны хабарланды. Ойыннан кейінгі "ойынның" бейнедеректері әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды.  "Адырна" ұлттық порталы. 

31 Тамыз күні "Толойкон" ипподромында өткен ел кубогінің финалында "Достық" (Ош облысы) және "Ынтымақ" (Талас облысы) командалары көкпар ойнаған. "Ынтымақ" тобы 2-1 есебімен жеңіске жеткен. Кейбір ойыншылар төрешінің шешіміне наразы болып, ойын аяқталғанда мінберлерден жүгіріп, тас лақтырған. Ақырында, жедел жәрдем көлігінің ту-талақайы шығып, бір полиция қызметкері ауруханаға түсті. Оқиға үлкен қоғамдық наразылық тудырды.

Ал төреші полиция көмегімен наразы топтың қоршауынан әрең сытылып шыққан. Оны жаралы күйінде жедел жәрдем алып кеткен.

Жаппай тәртіпсіздікпен түйінделген көкпарды көруге жиылған 40 мың көрерменнің арасында ел президенті Садыр Жапаров та болған.

Қызғызстан ІІМ-і қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полицияға 39 адамның жеткізілгенін мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер