Полиция полковнигі шулы видеодан кейін қызметінен айырылды

4370
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары атышулы бейнежазбадан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ведомствоның мәліметінше, полиция полковнигі Бауыржан Алдабергенов бейнеге жағымсыз түрде түсірілген. Бейнежазба авторы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарын таныған. Видеода ер адам формадағы қызметкерлерге физикалық күш қолданады. Автордың айтуынша, осылайша полковник ақша бопсалаған.

"Комиссия қорытындысы бойынша аталған бейнежазбадағы бастықтың орынбасары қызметтен босатылды. Жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабы "Билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Осы бап бойынша, жауапты лауазымда және қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасалған заңбұзушылықтар үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған.

Пікірлер