7 миллион талап еткен. Қостанайда алаяқтық жасаған жасөспірімдер ұсталды

851
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қостанайда полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ірі көлемде алдауға көмектескен екі 17 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алаяқтық телефон қоңырауынан басталған. Бейтаныс адамдар әйелге оның келіні жаяу жүргіншіні қағып кеткенін айтып, мәселені шешу үшін 7 миллион теңге талап еткен. Қорыққан әйел қолында бар 2 мың долларды белгісіз адамға беріп жіберген. Кейін ол туыстарымен сөйлесіп, ешқандай жол-көлік оқиғасы болмағанын білген.

Полиция алаяқтарға көмектескен екі жасөспірімді ұстады. Олар шетел валютасын айырбастап, қаражатты басқа шоттарға аударған.

Сол күні олар дәл осындай схема арқылы тағы 1 миллион теңге алып, аударған, бірақ жәбірленуші әлі анықталмаған. Белгілі болғандай, жасөспірімдерге бұл жұмысты Telegram-арна арқылы ұсынған.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер