Павлодарда жеке үйден өрт шығып, бір жасар сәби қаза тапты

4055
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда 2 қабатты үйден өрт шығып, салдарынан 1 жасар бала көз жұмды. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 17.57-де 101 пультіне өрт туралы хабарлама түскен. Өрт Павлодар қаласы, Усольский ықшамауданында 2 қабатты кірпіштен қаланған жеке тұрғын үйден шыққан.

“Оқиға орнына барған кезде үйдің 1-қабатындағы холлда 4 шаршы метр аумақта 2 орындық, кілем, екінші қабатқа апаратын ағаш баспалдақ жанып кеткені анықталды. Барлау кезінде залдан күйген баланың мәйіті табылды (2021 жылы туған ұл бала)”, – делінген хабарламада.

Үйде 5 жасар ұл мен 14 жасар қыз бала болғаны белгілі болды, дәрігерлер оларға «Күйзеліске түсу»диагнозын қойған.

Өрт 18 сағат 47 минутта жойылды. Өртті сөндіруге 5 бірлік техника мен 16 адам жұмылдырылды.

ТЖД қызметкерлері балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер