Токиода алғаш болып қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау дауыс берді

5366
Adyrna.kz Telegram

Жапонияның астанасы Токио қаласында ҚР-ның кезектен тыс Президенттік сайлауында дауыс берген алғашқы қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау болды. Ол бұл туралы желіге видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

«Сайлауға қатысу әрбір азаматтың борышы, мемлекет алдындағы парызы деп ойлаймын. Біз өз таңдауымызды жасап, мемлекеттік іске белсенді араласуымыз керек. Менің ойымша мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен іргесінің берік болуына әркім өз үлесін қосу қажет. Міне, сондықтан да бүгін кәсіпкер ретінде Токиода іс-сапармен жүріп, өз дауысымды ел болашағы үшін беруді жөн көрдім», - деді Сырымбек Тау.

 

Пікірлер