Тарас Шевченконың құрметіне Ақтау атауын өзгертуді ұсынып, петиция жарияланған

4836
Adyrna.kz Telegram
Фото: tumba.kz
Фото: tumba.kz

Желіде «Шевченко» деген ескі есімді Ақтауға қайтару туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтау қаласына 30 жылға жуық уақыт бір кездері Қазақстанға жер аударылған ұлы украин ақыны, жазушы, этнограф және суретші Тарас Шевченконың есімі берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 жылғы 13 қыркүйектегі No 851-ХІІ Жарлығымен Шевченко қаласынан Ақтау болып өзгертілді. Соңғы жаһандық саяси өзгерістерге байланысты мен төл қазақ жеріндегі украиндық мұраны қолдап, Ақтау қаласына тарихи атауды қайтарғым келеді», - делінген құжат мәтінінде.

Айта кету керек, бұл бастама барлығына бірдей ұнай қоймаған. Осы уақытқа дейін 344 адам қолдаса, 2224 адам қарсы дауыс берген.

Пікірлер