Жоғалып кеткен 18 жастағы студент өлі күйінде табылды

4176
Adyrna.kz Telegram
Фото: tolqyn.kz
Фото: tolqyn.kz

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі өзеннен табылды,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, студенттің денесі Жайық өзенінен табылды.

“25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидың денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен алып шықты. Ол суға киіммен түскен, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына үй шаруасына көмектесуге барған. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алыс жерге айдауға шыққан. Артынан інілерін үйге қайтарған ол сол күйі қайтып келмеген.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер