Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат етілген аймақтардағы мешіттердің ауласында Ораза айт намазы оқылатындығын хабарлады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы мәлімдейді.
Мүфтият мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі ең басты сақтық шараларына мән беруге шақырды:
Бетперде (маска) киіп келу;
Үйден дәрет алып келу;
Намаздан соң қол беріп амандаспау;
Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.
«Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет», - делінген басқарма хабарламасында.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Алаяқтардың кесірінен Ислам дініне жаман ат келуде. Ендеше, Ринатқа емес, дін атын жамылған алаяқтарға айтыңдар айтарларыңды!
Зайырлы мемлекеттің білдей Оқу-ағарту министрі муфтиятпен ақылдасып, хиджаб мәселесін шешетіндей не басымызға күн туды?