Таяуда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Ғылым, бизнес және өндірістің интеграциясы» форумы өтті.
Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, экология және қоршаған ортаны қорғау, сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы өкілдер мен сарапшылар, сондай-ақ өндіріске инновациялық технологияларды енгізуші компаниялар, ғылыми қауымдастық және 200- ге жуық бизнес өкілдері қатысты.
Форумда ғылым мен бизнестің байланысын нығайту, инновацияларды енгізу және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Форум шеңберінде ҚазҰУ мен жетекші компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды, сондай-ақ панельдік пікірталас өтті.
Жидегүл Әбдіжәділқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанда алғаш рет көміртекті агроклиматтық полигон құруда
"Ғылым жолында есімімді қалдырғым келеді". Ауадан су өндіретін құрылғы ойлап тапқан жас ғалымның жолы
