Жақын арада Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша қажетті келіссөздер жүргізілмек. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады.
«Қазір екінші және үшінші АЭС құрылысының орнын анықтау бойынша сараптама аяқталды», – деді ол.
Сондай-ақ, Олжас Бектенов 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 4,8 пайызды құрағанын айтты. Бұл үкіметтің 6 пайыздық межесінен біршама төмен.
«Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста 13,1, саудада 9,1, көлік бойынша 8,5 пайызға дейін өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы он жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді, – деді Бектенов.
Алайда мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізген. Оған себеп – ОПЕК+шеңберіндегі міндеттемелеріне және былтыр ірі кен орындарының күрделі жөндеуге жабылуы.
Шекараға дейін және одан кейін мұнай бағасы басқа. Депутат премьерге қарайды, премьер қайда қарайды?
Алматы облысы Alatau Investment Forum–да 300-ден астам инвесторды қабылдап, 776 млрд теңгеден аса инвестиция тартты