Құлсарыда полиция қызметкерлері жолдағы қауіпсіздік үшін құрбандық шалған. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, полиция қызметкерлері жұма күні қой сойып, құран оқытқан. Құрбандыққа шалған малдың еті үш бөлікке бөлініп, мұқтаж отбасыларға таратылыпты.
Әлеуметтік желідегі Құлсары ДП парақшасындағы бейнероликтің сипаттамасында «бұл әрекет жол қозғалысы қауіпсіздігін ғана емес, қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті нығайта түсетін рухани құндылықтың көрінісі» делінген. Дегенмен, қазір бұл видео парақшадан өшірілген.
Ұқсас жаңалықтар
Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!
