Бас қалада бір күнде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен.
"Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз", - делінген хабарламада.Айта кетейік, Астанада ауа райы нашарлап, қатты жел соққан. Боран болып, шатыр, ойын алаңшаларындағы отырғыштарды ұшырып кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Астанадағы Есіл ауданын безендіру үшін 848 миллион теңгені Көлгінов кезіндегі тұрақты жеңімпаз жеңіп алды
