Өзбекстанда жеңіл көлікке үлкен тас құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Podrobno.uz сайты хабарлаған.
Қайғылы оқиға 6 қарашада сағат 16:00-де Қашқадария облысындағы Тахтақараша асуында болған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды.
Белгілі болғандай, жеңіл көлік Китабтан Самарқандқа бара жатқан. Бейресми деректерге сүйенсек, салондағы жолаушылар - Венгрия азаматтары, жүргізуші өзбекстандық азамат болған.
Қазіргі уақытта өткел көлік қозғалысына уақытша жабылған. Қазір онда бір топ мамандар жұмыс істеп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасын іске қосады
Ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі: Басымды кесіп алса да бермеймін, машинамның алдында өлемін (ВИДЕО)
