11 шілде күні Вашингтондағы НАТО саммиті аясында 24 елдің көшбасшысы «Украина келісіміне» қол қойды. Олардың арасында Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше 32 елдің 22-сі, Украинаның өзі мен НАТО-ға кірмейтін Жапония бар, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Келісімде үш міндет көрсетілген. Тараптар Украинаға қорғаныс пен қауіпсіздік саласында қолдау көрсетуге, сондай-ақ қорғаныс қабілетін қолдайтын күштер құруға уәде берді. Сондай-ақ Ресей тарапынан қарулы шабуыл болған жағдайда Украинаны қолдаудың келесі қадамдарын анықтау үшін «жедел және ұжымдық түрде» кездесуге келісті.
НАТО-ға мүше 10 ел, атап айтсақ, Албания, Болгария, Венгрия, Греция, Солтүстік Македония, Румыния, Словакия, Түркия, Хорватия және Черногория келісімге қол қоймады.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазіргі қадамдар ешкімге қажет емес деп ойлаймын". Путиннің көмекшісі екіжақты келісімге қатысты пікір білдірді
