Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді. Бұл туралы 4 сәуірде облыс әкімінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты»,—делінген хабарламада.
«Бәйдібектік батыр ана» бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Келіншек үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.
Ұқсас жаңалықтар
Мен Түркістанда салынған "венецияны" қарай отырып, шыны керек, оның мағынасы қауашағыма сыймады. Қазақтардың идеялық тығырықта жүргені көрініп тұрғандай...
"Көп түкірсе көл". Түркістандағы оқу орнының қызметкерлері зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті