Бүгін Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында жергілікті уақыт бойынша сағат 8:39-да (3:39) магнитудасы 5,5 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Gazeta.ru сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, жер сілкінісінің ошағы Цинхай провинциясының Хайси-Моңғол-Тибет автономиялық ауданы Маннай қаласында 10 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. 4 сәуірде қазақстандық сейсмологтар да сағат 03:43-те магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісін тіркеді. COMЭ мәліметтері бойынша жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 414 шақырым жерде көршілес Қырғызстан аумағында орналасқан. Біздің аумақта сезілгені туралы ақпарат жоқ.Ұқсас жаңалықтар
Миллиардтаған қытайға елімізге еркін кірсін деп визаны алып тастадық. Біздің билік неге Ауғаныстандағы өз қазағымызды елге әкелуге қарсы?