Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық төрт спортшы қола медаль үшін татамиге шығады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жартылай финалға дейін жеткен Нұрлыхан Шархан финалға бір қадам қалғанда БАӘ өкілі Джафар Костоевқа есе жіберді. Енді ол қола жүлде үшін қытайлық Фучун Хуангпен белдеседі.
Сондай-ақ жұбаныш кезеңінде сәтті өнер көрсеткен тағы үш отандасымыз да жүлде үшін күреседі. Айдар Арапов қытайлық Пенг-Ю Чемен, Аруна Жангельдина – Ван Сюйхуэймен, Аида Тойшыбекова тәжік спортшысы Виктория Киселёвамен белдеседі.
Кездесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.
Ұқсас жаңалықтар
Kaspi.kz Қытайдан тауарларды көтерме сатып алуды жеңілдетеді: төлем теңгемен, сапаны тексеру және есікке дейін жеткізу
Миллиардтаған қытайға елімізге еркін кірсін деп визаны алып тастадық. Біздің билік неге Ауғаныстандағы өз қазағымызды елге әкелуге қарсы?
