Мәдениет және ақпарат министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына кіргізілмеген журналистерді қолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Аида Балаева басқарманың журналистер құқығын шектеуге қарсы екенін, баспасөзде оқиғаларды объективті түрде жариялайтын ақпаратқа еркін қол жеткізуді қолдайтынын баса айтты.
«Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады», - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Балаева сондай-ақ "БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға" шақырды.
Еске сала кетейік, елордалық журналистер Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полицияға арыз жазған болатын. БАҚ өкілдері сот әкімшілігінің Бишімбаевтың ісі бойынша тыңдау өтіп жатқан сот залына кіргізбей қойғанына наразы болды.
Ұқсас жаңалықтар
Карт-бланш берілген министрдің бірі Зүлфия Сүлейменова еді. Дәл қазір Зүлфия мен 30 жыл отырған шенеуніктің еш айырмашылығы жоқ.
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
