Алматыда бүгін, 2024 жылдың 13 ақпанында Райымбек даңғылында үш автобус пен жеңіл көліктің ірі жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Бүгін, 13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылында 54-ші бағыттағы автобустың жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. Ал 133-ші автобус инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан», - деп хабарлады полиция департаментінен. Оқиға орнында кем дегенде 15 адам зардап шеккені айтылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.
