Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды", – делінген прокуратура хабарламасында. Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Ұқсас жаңалықтар
Жетісу облысында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс – бірлік бастауы» мерекелік іс-шарасы өтті
"Заң мен тәртіп"акциясы аясында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша "Kazakhstan Prevention Days" көрмесі өтті
