Талдықорған қаласының әкімдігі аяқталған жұмысқа 160 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

2526
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/aқshaқunnamed-960x500.jpg?token=99a211a59dff43e8670262d49c66fab9

Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды", – делінген прокуратура хабарламасында. Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Comments