Алматы облысы, Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жерлеу рәсімі өтті. Болат Назарбаевтың үйіне, сондай-ақ зиратқа апаратын жолдар жабылып, адамдарды өткізуге тыйым салынып, барлық жерді полиция күзетті. экс-президенттің ағасын соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандар көп болды. Бұл туралы оқиға орнынан Курсив тілшісі жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, інісінің жаназасына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Ал іс басындағы ресми тұлғалардан Премьер-министрдің жаназаға қатысқаны айтылды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтқан еді. Президенттің жаназаға қатыспайтыны кеше белгілі болған.Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір мемлекеттік құндылықта ізі бар. Сондықтан Нұрекеңе өшігем деп, құндылықтарды өшіріп алмайық.