Болат Назарбаевтың жаназасына Премьер-министрдің де қатысқаны айтылды

4519
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-11-14-at-12.00.22.jpeg

Алматы облысы, Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жерлеу рәсімі өтті. Болат Назарбаевтың үйіне, сондай-ақ зиратқа апаратын жолдар жабылып, адамдарды өткізуге тыйым салынып, барлық жерді полиция күзетті. экс-президенттің ағасын соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандар көп болды. Бұл туралы оқиға орнынан Курсив тілшісі жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, інісінің жаназасына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Ал іс басындағы ресми тұлғалардан Премьер-министрдің жаназаға қатысқаны айтылды. Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтқан еді. Президенттің жаназаға қатыспайтыны кеше белгілі болған.
Комментарии
Другие материалы