Атырауда бұрынғы шенеуніктер алаяқтық жасады және өз өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл турасында 2023 жыл, 26 қыркүйек күні облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Прокуратурадағы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамалып отыр.
"Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде. Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді", - деп мәлімдеді Атырау облысының прокуратурасы.Қазір облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Құдайым-ау, неткен сәбеттік ностальгия бұл?! Ғылым академиясы қайтып тірілсе, Жазушылар одағына дені дұрыс басшы сайланса, қазақтар ғылым мен әдебиет салаларында Нобель сыйлығын қырып алады екен ғой.))
