Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Мырзакент ауылының тұрғыны аудандық мәслихат депутатын қасақана қаққаны жайлы видео тарады. Видеоны журналист Гүлбану Әниятқызы жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Автордың айтуынша, оқиға Мақтарал ауданында болған. Көлік тізгіндеген азамат аудандық мәслихат депутаты мен бау-бақша мекемесінің директорын әдейі қаққан. Кадрлардан көлік тізгіндеген тұрғынның көшеде жүрген бала-шағаны қаперіне де алмағаны байқалады.
Жанжал депутаттың рейдке шыққан кезінде басталады. Жергілікті тұрғын екеуі араздасып, соңы оқыс оқиғамен аяқталды.
Жапа шеккен азаматтардың біреуіне ота жасалды. Полиция қызметі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Күт, Вова! Армандаған зымыраныңды төбеңнен түсіреміз" - Ресей депутаттары енді балаларды келемеждеуге көшті
«Единая Россияның» бас хатшысы Турчак Мексикада демалып жатқан депутатты «Вагнер балғасымен» қорқытты
