Ақтөбеде алаяқтық жасаған депутат сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қалалық сотта миллиондаған ақшаны қалтасына басқан мәслихат депутатына қатысты үкім шықты.
Соттың дерегінше депутат 2020 жылы өзінің шаруа қожалығына 1200 бас ірі қара мал сатып алатынын айтып, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 390 млн теңгені алған. Алайда анықталғандай ол қаражат жеке мақсатына жұмсалған.
Одан өзге, мәслихат депутаты 2021-2022 жылдары «Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына» жалған өтінім беріп, жоқ малын бордақылауға 67 млн теңге субсидия алған. Сумма мақсатқа байланысты жұмсалмағаны анықталған.
Алаяқтық жасаған депутат 6 жылға сотталды.
Ұқсас жаңалықтар
Затулинді кеше "Қазақстан кеденшілері елге кіргізбей қойды" деп жазған еді біраз блогер мен кейбір БАҚ. Бірақ оның бүгін Байқоңырда теннис ойнап жүргенін ешкім "көрмей" қапты.
