Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ұсталды. Бұл туралы Silkroadnews-ке Астанадағы дереккөз мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Дереккөздің хабарлауынша, Шаймергеновты Астанадағы арнайы қызметтің өкілдері әйелімен бірге ұстаған.
Ол бұған дейін Назарбаев басқарған Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет еткен, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі болған. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетін басқарды.
Соңғы жылдары Шаймергенов Назарбаев кітапханасының басшылығында жұмыс істеді. Орталық Азия елдері мен Қытай бойынша сарапшы болған.
“Құқық қорғау органдары қамауға алу туралы ресми ақпарат берген жоқ”, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Мен өмірімде тұңғыш рет Тұңғыш президентке арнап бір ғана ән жаздым. 2-3 айдан кейін бе екен, көп ұзамай Президент ауысып кетті ғой... Әніме обал-ақ болды.