Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасын шектеу қаншалықты шынайы деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Рустам Ахметов Жаңа жылға дейін азық-түлік бағасы қымбаттамайтының айтты.
"Иә, бұл рас. Премьер-Министр (Әлихан Смайылов. – Ред.) алға қойған міндет – жыл соңына дейін 20 пайыздан аспайды. Яғни, қазір бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі 19,6 пайыз шамасында. Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы күрт көтерілмеуі керек деген міндет қойды, қазір осы тапсырманы пысықтап жатырмыз", - деді Рустам Ахметов.Баяндамашы бағаның өсуі бірқатар факторлармен, соның ішінде экономикалық келеңсіздіктермен және нарық субъектілерінің заңсыз әрекеттерімен байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұтынушылар азық-түлік бағасын заңсыз көтергендердің үстінен дәлел көрсете отырып, шағым түсіре алатынын айтып өтті.
"Егер тұтынушының қолында бұл ақпарат болса, онда ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгіне алады", - деді Рустам Ахметов.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
«Qazaqstan» телеарнасы Жаңа жыл қарсаңында тың тележобалар мен тұсаукесерлерге толы мерекелік бағдарламасын ұсынады
«Бассүйегінің бір бөлігі алынды». Семейде зардап шеккен мұғалімнің әйелі оның жағдайы туралы мәлімдеді
сауда
жаңа жыл
қазақстандықтар
нарық
Азық-түлік бағасы
жаңа жыл қарсаңы
тұрмыс
әлеуметтік проблемалар
