Жеті айлық сәби желдеткішке түсіп, ауыр жарақат алды

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jcFccQ09TLssMAkLTRvjnXkFw7k0hMyblCcF5RGW.jpg

Жаңаөзенде жеті айлық сәби үйінде металл желдеткішке қолын жарақаттап алған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Баланың саусақтары құрылғыға түсіп, оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының травматолог-ортопеді Нұрсұлтан Асқаровтың мәліметінше, нәресте жедел түрде травматология бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер тексеру барысында баланың қолындағы сұқ, ортаңғы және аты жоқ саусақтарының ұштары жарақаттанғанын анықтаған.

Мамандар жараларға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізген. Төртінші саусақтың ұшы толық болмағандықтан, дәрігерлер оның жарақаттанған бөлігін өңдеп, тұйықтауға мәжбүр болған. Ортаңғы саусақ қолмен тек тері арқылы байланысып тұрған. Оған да хирургиялық өңдеу жүргізіліп, тігіс салынған. Сұқ саусақтың жарасы да өңделіп, тігілген.

Сәби әрі қарай емделіп, дәрігерлердің бақылауында болу үшін травматология бөліміне жатқызылған. Стационарлық емнен кейін травматологтың бақылауында болған.

Дәрігер ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды қауіпті тұрмыстық заттардан алыс ұстауға кеңес берді.

Пікірлер