Қырғызстанның Шүй облысы Аламүдүн ауданында орналасқан Пионер шыңының атауы өзгерді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Ол енді Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) шыңы боп аталады.
Ресми шешім «Ала-Арша» мемлекеттік табиғи саябағында қабылданған. Биіктігі 4050 метр болатын шыңның атауын өзгерту Орталық Азиядағы серіктестікті дамытуға және халықаралық ұйымның өңірлік қауіпсіздік, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтуге бағытталған.
Тиісті шешім нормативтік актімен бекітілді.
ШЫҰ шыңы Қырғыз жотасының Ала-Арша сілемінде орналасқан. Бұл аумақ альпинистер мен таулы туризм әуесқойлары арасында танымал.
Жақын уақытта жаңа атауды ескере отырып, картографиялық деректер мен туристік көрсеткіштерді жаңарту жоспарланып отыр
