Өзі жоқта қызметтен босатылған Тәшиев емін жалғастырмастан еліне қайтты

236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OAXUZlXfydL38eeFfWQjgxMksy5vHYME2SmtT58V.jpg

Бұрынғы министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиев Германиядан Қырғызстанға оралды. 13 ақпанға қараған түні оны «Манас» әуежайында қызметтік көліктерге ұқсас бірнеше автокөлік қарсы алған, деп хабарлайды "Адырна".

Бұған дейін Тәшиевтің үндеуін жариялаған журналист Нұрғазы Анарқұлов әлеуметтік желілерде Тәшиевтің емі әлі аяқталмағанын, алайда қалыптасқан жағдайға байланысты елге оралуға мәжбүр болғанын жазды.

Еске салайық, 10 ақпанда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров жарлыққа қол қойып, соған сәйкес Қамшыбек Тәшиев Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатыған болатын.

Жумгалбек Шабданбеков Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған. Сондай-ақ ҰҚМК төрағасының үш орынбасары да қызметінен босатылған еді.

12 ақпанда Жогорку Кенештің спикері Нурланбек Тургунбек уулу өз өкілеттігін тоқтатты. Жаңа төраға болып Марлен Маматалиев сайланған.

Тәшиевтің өзі ауырып қалғанын және президенттің рұқсатымен Германияға барғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ол бұрын ота жасалған клиникада тексеруден өтуі қажет болған. Сонымен қатар, ол қызметтен босатылуы өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтқан.

Пікірлер