Қазақстандық журналист Амантай Дандығұловқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы мәлімет құқықтық статистика органдарының порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Іс 2026 жылдың 7 шілдесінде тіркелген. Оған қатысты қылмыстық істі Алматы қаласы полиция департаменті тергеп жатыр.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Дандығұловқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Дандығұловқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. 2026 жылдың 7 шілдесінде ол іздеуге жарияланды, – делінген хабарламада.
Министрлік тергеу мен жедел-іздестіру шараларының мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жарияламады.
Бұған дейін Амантай Дандығұлов Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласының әкімі болған тұста, әкімдік аппаратының жетекшісі қызметін 2004-2008 жылдар аралығында атқарған еді. Кейін ол «Новая газета – Казахстан» басылымын да басқарды.
Шаңырақ оқиғасы 2006 жылы 14 шілдеде Алматы қаласының шетіндегі Шаңырақ, Бақай және басқа да шағын аудандарда жер және баспана дауынан туындаған халық пен билік арасындағы қанды қақтығыс ретінде белгілі. Қақтығыс салдарынан 1 полицей қаза тапты, 25 адамға айып тағылды. Олардың алды 18 жылға сотталды. Шаңырақ оқиғасына байланысты сотталғандардың бірі қоғамдық белсенді Арон Атабек болатын. Ол 18 жылға сотталды. 2021 жылы түрмеден жазасы жеңіл мерзімге ауыстырылып шыққан кезде өзі де түрмедегі азабы мен науқасы салдарынан қайтыс болды.
