Белгілі композитор Нұрсалғазы Қызыкенұлы дүниеден өтті

228
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bkUnjro0IzSXFcRZ6g8F5pDC9xtchguBoEHhgvqF.jpg

Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор Нұрсалғазы Қызыкенұлы 73 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна".

Нұрсалғазы Қызыкенұлы Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағының Толы ауданындағы Ақбелдеу ауылында дүниеге келген. Ол қазақ ән өнеріне елеулі үлес қосып, ондаған танымал әндердің авторы атанған.

Композитордың «Наурыз», «Береке», «Өмір толғауы», «Қош енді, қарлығаш!», «Көк тайым», «Жалғыз ән сап», «Мейірбан ана» секілді шығармалары Шыңжаңдағы қазақ қауымы арасында кеңінен танылып, бірнеше буынның сүйікті әндеріне айналды. Әсіресе, ақын Омархан Мәлікұлының сөзіне жазылған «Емілге кел!» әні халық арасында ерекше танымал болды.

Марқұмның қайтыс болғаны туралы ақын Ауыт Мұқибек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, оның қазақ өнеріндегі орны мен шығармашылық мұрасын ерекше атап өтті.

Пікірлер