Қырғызстан астанасында IV Бішкек халықаралық кинофестивалі өтті. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық «Qaitadan» фильмі «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді.
Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары ұсынылған Орталық Азия байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық «Qaitadan» фильмі «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді.
«Qaitadan» соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.
Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат — STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
