Үш жасар қызын соққыға жыққан әке төрт жылға сотталды

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Жетісу облысында үш жасар қызын соққыға жығып, азаптады деп айыпталған ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 2026 жылы ақпан айында болған. Әлеуметтік желілерде бүлдіршіннің фотосуреттері мен видеолары, анасының мәлімдемесі жарияланғаннан кейін полиция жедел шаралар қабылдап, күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында оның Талдықорған қаласының тұрғыны және зардап шеккен қыздың туған әкесі екені анықталды. Жетісу облыстық ПД мәліметінше, үш жасар баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар жарақаттар анықталғаны туралы хабар медицина мекемесінен түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері мас күйде болған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Алғашында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тіркелген. Кейін іс Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша (қинау) қайта сараланып, азаптау және ұрып-соғу деректері бойынша тергелді. Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін қыз баланың шетелде бауыр трансплантациясы бойынша күрделі отадан өткені де белгілі болған еді.

Пікірлер