Instagram енді қолданушылардың жеке хат алмасуына қол жеткізе алады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mAz15fjdJsnZUtAVK8zDqPTyt425RtPxbSSHJ9iY.jpg

Instagram әлеуметтік желісі 8 мамырдан бастап жеке хабарламалардағы толық шифрлауды қолдауды тоқтатты. Бұл шешімнен кейін пайдаланушылар арасындағы хат алмасу мазмұны компания тарапынан техникалық тұрғыда қолжетімді болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" порталы TRT агенттігіне сілтеп.

Бұған дейін толық шифрлау тек қолданушылардың өздері арнайы қосқан жағдайда ғана іске қосылатын. Енді бұл қорғаныс механизмі кең ауқымда қолданылмайтын болып өзгертіліп отыр.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай қадам шифрлау функциясының жеткілікті деңгейде қолданылмауымен байланысты. Статистикаға сәйкес, қорғалған режимді тек пайдаланушылардың шағын бөлігі ғана іске қосқан.

Өзгерістер алдымен Австралиядағы қолданушыларға енгізілген. Алдағы уақытта бұл жаңарту басқа өңірлерге де таралуы мүмкін.

Сонымен қатар Instagram платформасында жаңа функциялар тестіленіп жатыр. Олардың қатарында тек бір рет көруге болатын фотосуреттер жіберуге мүмкіндік беретін Instants қосымшасы және «Stories»-ті анонимді түрде көруге жағдай жасайтын премиум-жазылым қызметі бар.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер әлеуметтік желідегі құпиялылық пен деректер қауіпсіздігіне қатысты жаңа талқылауларға себеп болуы мүмкін.

Пікірлер