Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті. Ақпаратты қала әкімлігі растады, деп хабарлайды "Адырна".
Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Оқыс жағдай кезінде көпірде сегіз адам болған, оның ішінде төртеуі - кәмелетке толмаған.
"Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері мен жедел жәрдем бригадасы шұғыл жетті. Зардап шеккендерді дәрігерлер қарап шықты, ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, жеңіл сырылулар мен соғылулар бар", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Алдын ала ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған балалар көпір конструкциясын тербеткен, соның салдарынан көпір төсемесі зақымдалған.
Ұқсас жаңалықтар
Пышақ ала жүгірген. Өскеменде мектеп оқушыларының әрекетінен кейін директорға қатысты тексеріс басталды
