Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті. Ақпаратты қала әкімлігі растады, деп хабарлайды "Адырна".
Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Оқыс жағдай кезінде көпірде сегіз адам болған, оның ішінде төртеуі - кәмелетке толмаған.
"Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері мен жедел жәрдем бригадасы шұғыл жетті. Зардап шеккендерді дәрігерлер қарап шықты, ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, жеңіл сырылулар мен соғылулар бар", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Алдын ала ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған балалар көпір конструкциясын тербеткен, соның салдарынан көпір төсемесі зақымдалған.
