Фейерверк зауытындағы алапат өрт. Қаза тапқандар саны артты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gHsPYko8XRNOchPigyqNPz9HaryJEfik7eEAT25a.webp

Қытай Хунань провинциясында орналасқан фейерверк өндіретін зауыттағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 26 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеп.

Мәліметке сәйкес, Чанша қаласының мэрі Чэнь Бочжан баспасөз конференциясында жарақат алғандар саны 61 адам екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, жарылыс дүйсенбі күні «Хуашэн» компаниясына тиесілі зауытта болған. Бұған дейін қаза тапқандар саны 21 адам екені хабарланған. Төтенше жағдай Люян қаласында тіркелді. Оқиға орнына бес құтқару бригадасы жұмылдырылып, жалпы 482 адам апат салдарын жою жұмыстарына тартылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қуатты жарылыс толқыны 300–400 метр радиустағы ғимараттарға зақым келтірген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Пікірлер