Суға қатысты дау. Кемінде 42 адам қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NM23gsyicJ6E63WJDbgZjjAN6uee9dwiz3heqLSf.jpg

Чадтың шығысындағы Иготе ауданында екі отбасы арасында суға қол жеткізу мәселесіне байланысты жанжал туындап, кемінде 42 адам қаза тапты. Бұл туралы Tchad Infos жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қақтығыс салдарынан тағы 10 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«Вице-премьер Лимане Махаматтың айтуынша, бұл – “қауымдар арасындағы дәстүрлі қақтығыс емес”, су көзінің маңында басталған екі отбасы арасындағы жанжал. Кейін ол өзара кек алу әрекеттерінің тізбегіне ұласқан», — делінген хабарламада.

Махамат дауды шешу үшін мамандар тартылатынын айтып, Суданмен шектесетін аймақтың тұрақсыздану қаупінен сақтандырды.

Tchad Info мәліметінше, елдің шығыс провинциялары Судандағы соғыстан қашқан босқындарды қабылдап жатыр. Соның салдарынан ресурстар тапшылығы мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты шиеленіс күшейген.

Чадта жер, мал және суға қолжетімділікке байланысты қауымдар арасында жанжалдар жиі болып тұрады. Мәселен, өткен жылдың қараша айында Хаджер-Ламис провинциясында екі елді мекен арасындағы құдыққа қатысты даудан 33 адам қаза тапқан.

Пікірлер