Сергеев су қоймасы ернеуінен асты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/07kmSIAFCwV7HT6Qli1CjV5V5IhQOGDxckaGfDQb.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қардың қарқынды еруіне байланысты су деңгейі жылдам өсіп жатыр, су келімі қалыпты мөлшерден асып, өңірде су тасқыны қаупін күшейтіп отыр.

«31 наурыз күні Сергеев су қоймасында су деңгейінің көтерілуіне байланысты бөгет арқылы су ағуы басталған. Қазіргі уақытта оның деңгейі 8 см-ді құрайды. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, су тасқынының шарықтау шегі сәуір айының екінші–үшінші онкүндіктерінде күтіледі»,-делінген әкімдік хабарламасында.

Өңірде су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, барлық қажетті күш пен құралдар жұмылдырылған. Жағдай тұрақты бақылауда екені айтылды.

Пікірлер