Тағы бір сарбаз әскерде жарақат алды

339
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Құрлық әскерлерінің Гвардиялық гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде оқыс оқиға тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтар күні таңғы тексеріс барысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттаған.

Зардап шеккен әскери қызметкер жедел түрде әскери госпитальға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Қазіргі таңда сарбаздың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Ол дәрігерлердің бақылауында.

Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз бұл әрекетті жеке себептерге байланысты жасағанын айтқан. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер