Air Astana-дағы ақау. Жолаушылар Астанаға жете алмады

353
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vQIejoUKNTH5SQZ7El63ZJopBo7qMO9Zdz1yOYYd.jpg

Air Astana әуе компаниясының Сеулден Астанаға бағыт алған ұшағы Бейжің қаласына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға бүгін, 8 қаңтарда KC210 рейсінде тіркелген. Мәжбүрлі қонуға ұшақтағы барлық дәретханалардың істен шығуы себеп болған.

«Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 9:25-те ұшып шығып, 11:50-де сәтті қонды. Қазіргі уақытта ақауды жою үшін қажетті қосалқы бөлшек жеткізілуі күтілуде. Рейстің қайта ұшуы жергілікті уақытпен 1:00-ге ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Қытайдың шекара қызметіне визасы қажет емес жолаушыларды қалаға шығарып, қонақүйлерге орналастыруға рұқсат беру жөнінде ресми өтініш жолданған. Ал қалған жолаушылар транзит аймағында қалады. Оларға тамақ, сусын және көрпелер берілген.

Әуе компаниясы жолаушылардан болған қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 2025 жылғы 27 желтоқсанда да болған. Ол кезде Фукуок (Вьетнам) – Алматы бағытымен ұшқан Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта қонған еді.

Пікірлер