Виктория ауруханасындағы жұмбақ өлім

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2TNRea53YXUiLnfljCVymhHhT6iO8kQuGNIuW4TK.webp

Бүгін - Қазақстанның ХХ ғасырдағы аса маңызды саяси тұлғаларының бірі Мұстафа Шоқайдың қайтыс болғанына 84 жыл, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мұстафа Шоқай 1890 жылы 10 наурызда қазақ жерінде дүниеге келіп, 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлиндегі Виктория ауруханасында өмірден өтті. 2025 жылы оның туғанына 135 жыл, ал қаза тапқанына 84 жыл толды.

Тарихи құжаттарға сәйкес, Шоқай Ташкенттегі гимназияны бітіріп, кейін Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін тәмамдаған. 

Қайраткердің өмірі ұзақ уақыт Қазақстанда ресми түрде еске алынбаған. Соңғы жылдары ғалымдар оның қызметін зерттеуді қайта қолға алды. Әсіресе, фашистік Германияға баруы және Берлинде жұмбақ жағдайда қаза тапқан 1941 жылғы оқиғалар зерттелуде.

Мұстафа Шоқайдың жеке өмірі де тарихи деректерге бай. Оның екі әйелі болған, екінші әйелі Мәрия Шоқайдан екі қыз бен үш ұл туған. 

«Ол әрдайым: біздің Түркістан үшін ең қорқыныштысы – халықтың бірлігінің болмауы. Мен өзіміздің әлсіз екенімізді жақсы білемін. Мен халқымның тыныштығын және бірлігін қалаймын. Сондықтан да Швейцария мемлекетінің үлгісімен федерациялық мемлекет құрғым келеді», – делінген Мәрия Яковлевна еңбектерінде.

Эмиграцияда тұрып, Мұстафа Шоқай «Таймс», «Шафак», Journal of Royal Central Asian Society сияқты ірі ақпарат құралдарымен байланыста болған. Ол «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» басылымдарын шығарып, большевиктердің әрекеті жайлы лекциялар оқыған, Парижде Түркістан ұлттық бірлестігіне жетекшілік еткен. Тіпті, ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде де мақалалар жазып, тұтқындар лагерінде алған әсерлерін қағазға түсірген.

Қайраткердің өлімі ресми анықтамада «сүзектен қайтыс болды» деп көрсетілгенімен, жұбайы Мәрия Шоқай мұны жұмбақ әрі күмәнді өлім деп есептейді. Бүгінде Мұстафа Шоқайдың денесі Берлиндегі мұсылман бейітінде жерленген.

Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында 20 жылдай тұрған Мұстафа Шоқайдың үйі жанында қазіргі уақытта мемориалдық тақта орнатылған.

Пікірлер