Ең ауыр байланыс спутнигі ғарышқа шығарылды

128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HDrZrigosAssgaLauoRZNSLiJQrD0YLi8nC8d6VJ.jpg

Үндістан 24 желтоқсан күні LVM3 зымырандық кешені арқылы AST SpaceMobile компаниясының BlueBird 6 байланыс спутнигін орбитаға шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл – мобильді телефондармен тікелей байланыс орнататын жаңа буын аппаратының алғаш қадамдары.

Елдің ғарыштық зерттеу ұйымы (ISRO) тарихындағы ең ауыр спутник ретінде есептелетін BlueBird 6 шамамен 6,1 тонна салмаққа ие.

Спутник Сатиша Дхаван атындағы космодромнан ұшырылып, шамамен 15 минуттан кейін сәтті орбитаға шықты.

ISRO басшысы В. Нараянанның айтуынша, бұл миссия – Үндістанның ғарыштағы ауқымды жұмысының бір бөлігі. Ел бұрыннан 434 спутникті 34 мемлекетке шығарған, оның ішінде 72 аппарат OneWeb топтамасына жатады.

AST SpaceMobile компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Абель Авельян спутниктің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын және телеметриялық бақылаудың нормасында екенін хабарлады. BlueBird 6 фазалы антенналық торының аумағы шамамен 223 шаршы метрді құрайды, бұл оны BlueBird 1–5 спутниктерінен 3,5 есе үлкен етеді.

Компанияның жоспарына сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін 45–60 жаңа спутник орбитаға шығарылып, АҚШ пен басқа нарықтарда мәтін, дауыс және 5G деректерін жеткізу қызметін толық қамтамасыз ету көзделген. Әр спутник кәдімгі смартфондармен тікелей байланыс орната алады.

 

 

Пікірлер