Ұлт өнеріне құрмет. Қос ақынға қос темір тұлпар табысталды

215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pe0K12k5m6d5JSWLdhD2Po0rAuuJboMO6eRTvQb1.jpg

Биыл Тобыл–Торғай өңірінің рухани өмірі айтулы оқиғалармен толығып отыр. Қазақ айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан халық ақыны Әсия Беркенованың 75 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтуде. Сонымен қатар айтыс өнерінің көрнекті өкілі Айбек Қалиев елордада өткен «Алтын домбыра – 2025» республикалық айтысының жеңімпазы атанды.

Осы айтулы жетістіктерге орай Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтыс өнерінің қос саңлағына ерекше құрмет көрсетті. Салтанатты шара барысында халық ақыны Әсия Беркеноваға KIA Sportage, ал «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке KIA Cerato автокөлігінің кілті табысталды.

Сыйға берілген темір тұлпарлар биыл ғана Қостанай қаласында ашылған KIA зауытынан шыққан алғашқы 1000 автокөліктің қатарынан. Бұл – өңірдің өндірістік әлеуетімен қатар, ұлттық өнерге деген қолдаудың айқын көрінісі.

Өнер иелерін ұлықтау – ұлт руханиятын дәріптеудің бір жолы. Ақындарын ардақтаған елдің, өнерді қолдаған биліктің барында айтыс өнері мен ұлттық құндылықтар өз жалғасын таба бермек.

Айта кетсек, Айбек Қалиев жуырда «Хабар» агенттігі ұйымдастырған жекпе-жек айтыста топ жарып, «Алтын қамшы» иегері атанды.

 

Пікірлер