"Киімдеріне мұз қатқан". Балықшылардың көлігі мұз астына түсіп кетті

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6OZKtok7JHpt9JOXhaLQ87TLY2Om7O0kxYuZWQzD.jpg

Павлодар облысында қатты аяз кезінде мұз астына түсіп кеткен көліктен төрт балықшы құтқарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп. 

Оқиға 17 қаңтар күні Екібастұз қаласына жақын орналасқан 9-сорғы станциясы маңындағы су қоймасында болған. Сағат 07:33-те полицияға Mitsubishi Delica маркалы көліктің мұз астына түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен.

Судан шыққан балықшылардың үстіндегі киімдері санаулы сәт ішінде мұзға айналып, олар қозғалу мүмкіндігінен айырылған.

Құтқару кезінде полицейлерге балықшылардың шалбарларын қайшымен кесуге тура келген.

«Балықшылар қатты үсіп қалған. Киімдері мұз болып қатып қалғандықтан, оларды бірден көлікке отырғызу мүмкін болмады. Сол себепті шалбарларын кесіп, жылы жерге жеткіздік», – деді Екібастұз қалалық полиция басқармасы.

Құтқарылған төрт ер адамға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін «дене мұздауы» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың ешқайсысы ауыр жарақат алмаған.

Пікірлер