Қазақстанға Қытайдан әкелінетін киім көлемі биыл айтарлықтай азайды. Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елге 35,6 мың тонна киім импортталған, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49%-ға төмен көрсеткіш. Бұдан да төмен деңгей соңғы рет 2020 жылы тіркелген.
Сарапшылар Қытайдан келетін киім импортының екінші жыл қатарынан қысқарып жатқанын атап өтті. Ал оған дейінгі бес жылда – 2019–2023 жылдар аралығында – бұл көрсеткіш тұрақты өсіп отырған.
Соған қарамастан, Қытай Қазақстанға киім жеткізетін ең ірі шетелдік серіктес мәртебесін сақтап келеді. Жалпы импорттың 39%-ы осы елдің үлесінде.
Импорт көлемінің төмендеуі Түркия тарапынан да байқалады. Бұл елден әкелінетін киім мөлшері бір жыл ішінде 31%-ға азайып, 8,2 мың тоннаға түскен.
Сонымен бірге, кейбір бағыттар бойынша өсім тіркелді. Атап айтқанда, Ресейден келетін киім импорты 13%-ға, Бангладештен жеткізілімдер 20%-ға артқан.
Мамандардың айтуынша, нарықтағы бұл өзгерістер сыртқы экономикалық жағдайлар мен логистикалық факторлар әсерінен қалыптасып отыр.
Миллиардтаған қытайға елімізге еркін кірсін деп визаны алып тастадық. Біздің билік неге Ауғаныстандағы өз қазағымызды елге әкелуге қарсы?
