Алматыда 25 қараша күні таңертең Әл-Фараби даңғылында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Куәгерлер жол апаты орнынан фото мен видео жолдап, үш автокөлік соқтығысқанын, соның бірі отқа оранғанын хабарлады.
Желіде тарағана фото-видеодан апаттан кейін даңғылда үлкен кептеліс пайда болғанын көруге болады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 07:00 шамасында Бостандық ауданында тіркелген.
«Toyota автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Артынша осы соқтығысқа байланысты жол жиегінде тұрған Lexus-қа Hyundai келіп соғылған», – делінген хабарламада.
Соққыдан кейін Toyota көлігі өртеніп кеткен. Адам шығыны туралы ақпарат тарамады.
Жаз шыққаннан қара суық түскенше пойызға билет жоқ. Индрайвер таксидің кесірінен онсыз да аз қазақ бейбіт күнде қырылып бітетін болдық.